2025 жылы мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі **589,7 мың тоннаға жетеді.
2024 жылдың нәтижесі – 540 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
Өндірістің негізгі үлесі KPI, Нефтехим Ltd., Шымкент химия компаниясы, АМӨЗ кәсіпорындарына тиесілі.
Қуат арттыру үшін бірқатар ірі жобалар іске асуда: полиэтилен зауытының құрылысы жүріп жатыр, алкилат, бутадиен және карбамид өндіру зауыттары жобалануда.
Саланың тұрақты дамуы үшін «Мұнай-химия өнеркәсібі туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр.
АӨК және азық-түлік экспорты:
2024 жылдың 10 айында азық-түлік өндірісі 3,1 трлн теңгеге жетіп, 9,1% өсті.
Салаға салынған инвестициялар 60% артып, 225 млрд теңгені құрады.
Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2,5 млрд долларға жетті (+30%).
АӨК цифрландыру:
Агроөнеркәсіптік кешенде 648 кәсіпорын цифрлық құралдарды қолданады.
Оның ішінде қайта өңдеу саласында 105 ірі жүйе құраушы кәсіпорын цифрлық жүйелерді енгізген.
Цифрландыру сатып алу, өңдеу, логистика және сатуды толық қамтып, өнім қозғалысын бақылауды күшейтті.