Malim.kz
Құқық

Үкімет: мектептегі полицияның міндеті түсіндіру сабақтарымен шектелмеуге тиіс

Айбын Атабай
Freepik

2027 жылы мектептер жоғары жылдамдықты интернетпен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінде мектептердің 92 пайызы жылдамдығы жоғары интернетке қосылған. Қазірдің өзінде 1 276 мектепте интернет жылдамдығы 100 Мбит/секундтан жоғары. 2027 жылға қарай олардың санын 3 222, ал орташа жылдамдықты 90 Мбит/секундқа жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз — барлық мектепті тұрақты интернетпен қамтамасыз ету және балалардың білім беру ресурстарына кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз ету. 2027 жылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылған мектептердің үлесін 100 пайызға, яғни 8 мың мектепке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар заманауи қосылу технологияларына көшуді жалғастырамыз, — деді вице-министр.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері жаңа оқу жылына дайындықты талқылады. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары