Malim.kz
Экономика

Үкімет су үнемдеу технологияларын пысықтайды

Айбын Атабай
Kazinform/ Canva/ primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысы өтеді. Онда Министрлер кабинетінің мүшелері сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын талқыға салады.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдері тарапынан туындайтын сауалдарға жауап береді.

Айта кетейік, еліміз бойынша жыл сайын пайдаланылатын судың көлемі шамамен 25 млрд текше метрді құрайды. Оның 65 пайызы ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алқаптарына жұмсалады. Алайда инфрақұрылымның тозуына байланысты судың 30–40 пайызына дейінгі бөлігі ысырап болады.

Осыған байланысты су шаруашылығын басқару және дамытуға арналған стратегиялық құжаттар аясында 14,5 мың шақырым каналды жөндеу көзделіп отыр. Сонымен қатар қосымша су қоймаларын салу жоспарда бар. Осындай жұмыстарды кезең-кезеңімен 2030 жылға дейін жүзеге асыру көзделген

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары