Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сот отырысында жәбірленуші болудан бас тартпақ, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ә. Зейнелдің адвокаты Мұрат Мауметов сот кулуарында мәлім етті.
– Әділет жәбірленуші мәртебесінен бас тартып, Ұлдананың анасына береді. Заң бойынша жәбірленушінің мүддесін екі адам немесе біреуі ғана білдіре алады. Біз әзірге өтінішхат берген жоқпыз, бірақ оны береміз. Өтінішхаттан кейін Әділет сот отырыстарына қатысқысы келмейді. Бүгін қатысуымызды өтінді, – деді заңгер мұрат Мауметов.
Сонымен бірге Ә. Зейнелдің шаңырақ көтеруін оның жеке мәселесі деп атап, пікір білдіруден бас тартты.
Бұған дейін Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталғанын жазған болатынбыз.