Malim.kz
Құқық

«Ұлдананың сау жері болмады»: фельдшердің әріптесі сотта оқиғаны айтып берді

Сабина Асқарқызы
Фото: Жоғарғы сот

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сотта марқұммен бірге шақыртуға барған әріптесі Дильназ Байзақова куәлік берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, оқиға кезінде қирандылардың астында ер адам мен әйел болған. Медициналық қызметкерлер оларға көмек көрсетуге тырысқан кезде, кенеттен үстілеріне құрылыс бөлшектері құлаған.

Қирандылардың астында ер адам мен әйел болды. Біз оларға көмектеспек болдық. Сол сәтте үстімізге бір нәрсе құлады. Мен үстіме кірпіш құлағанын сездім. Орнымнан тұрып, Ұлданаға қарадым. Ол бетімен жерге қарап жатты. Мен оны көтердім, оның сау жері болмады. Құлағы мен мұрнынан қан ақты, – деп еске алды Дильназ Байзақова.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша тұрғын үйдегі мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) төрайымы Сәуле Жұбаниязова айыпталып отыр. Оған «міндеттеріне адал қарамау» бабы бойынша айып тағылған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары