Malim.kz
Спорт

Үлкен теннис: Заңғар Нұрланұлы ITF J100 турнирінің чемпионы атанды

• Мәди Саматұлы

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкраукле қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, жасөспірімдер арасында әлемнің 77-ракеткасы, 16 жастағы теннисшіміз финалда нидерландылық, рейтингіде 165-орында тұрған Хайде Шонмаркспен кездескен.

Нәтижесінде Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Өткен жылы Заңғар осы жарыста финалға дейін жеткен еді.

Айта кетейік, бұл қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, биылғы үшінші титулы.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары