Malim.kz
Білім-ғылым

Ұлттық білімді бағалау жүйесі халықаралық тәжірибеге сай оңтайландырылмақ

Айбын Атабай
"Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметі

Ұлттық білімнің көкжиегін кеңейту үшін Ғылым және жоғары білім ведомствосы іргелі шараларды іске асыруда. Жуырда ETS халықаралық ұйымының өкілдері Астанада Admissions Insight Test атты қабылдау емтиханының моделін даярлауға арналған кешенді зерттеу жұмысының қорытындыларын таныстырды.

Бұл жүйенің тиімділігі орасан зор. Айталық, қолданыстағы бағалау жүйесіне талдауда ыжақсы жасайды, әлемдік тың тәжірибелерді салыстыра зерттейді, сондай-ақ осы үдеріс барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін саралап, іске асырады.

Жаңа емтихан концепциясы білім алушылардың академиялық құзыреттерін кешенді бағалауға жол ашады. Сонымен қатар, пәндік білім көрсеткішін айқындап,  сындарлы түрде ойлау, сараптама жасау,  жас ізденушілердің көзқарасын, пікірін кедергісіз жеткізуге дағдыландырады.

Бүгінде тест барысында берілетін тапсырмалар қорын кеңейту және олардың мазмұнын, сапасын жоғарылату міндеті тұр, алдыда. Сол себепті тест түрлерін автоматты жағдайда жетілдіру бойынша ілкімді жұмыстар атқарылмақ.

Жаңа мoдельдi тексерістен өткізу бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі қолданыла береді. Алдағы уақытта пилоттық апробация қорытындылары, сарапшылардың ұсыныс-пайымдары мен академиялық қауымдастықтың көзқарастары ретімен енгізілмек.   

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары