Malim.kz
Оқиға

Ұлттық паркте жалған дипломы бар қызметкерлер жұмыс істеген

Сұлу Бөлек

Абай облысында прокурорлар ұлттық парк қызметкерлерінің жалған дипломдарын анықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады. Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан аса уақыт еңбек еткен. 

Тергеу амалы 
Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Жаза

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді.

Фото: egov.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары