Malim.kz
Экономика

Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады

Арман Қайыпхан

Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет заң жобасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша заң жобасы республикалық бюджеттің көрсеткіштеріне байланысты әзірленген.

«Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде қосымша 2 триллион теңге алу жоспарланып отыр», - деді Савельева.

2 триллион теңге долларға шаққанда 4 млрд доллардан асады.

Республикалық бюджеттің биылғы тапшылығы 3,6 триллион теңге.

Айта кетейік, біз бұған дейін Ұлттық қордан 1 айда 641 миллиард теңге алынғаны туралы жазған едік.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары