Malim.kz
Спорт

Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын медаль жеңіп алды

Арман Қайыпхан

Бүгін этноауылда аударыспақтан жарыс аяқталды. Ұлттық құрама спортшылары алты салмақ бойынша 5 алтын, бір күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Malim.kz.

Аударыспақтан алтын жүлде алғандар: Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі), Дарын Өткелбай (80 келі), Сырым Ізбасаров (100 келі) және Біржан Қосалиев (+100 келі).

Ал 90 келі салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлдеге ие болды.

Фото: Ұлттық спорт федерациясы

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары