Malim.kz
Мәдениет

Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді

Malim Админ

Ұлттық құрылтай құрамына ротация жасалып, жаңа қатысушылармен толықты. Бұл жөнінде «Qazaqstan» арнасы хабарлады.


Бұл қатарда баспагер Раиса Сайран Қадыр, тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы- ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің басшысы Дмитрий Павленко, саяси шолушы Ғазиз Әбішев, ШҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Ольга Кузовлева бар.

Сондай- ақ ротация аясында Әли Бектаев, Оразғали Селтеев, Денис Рыпаков, Ақберен Елгезек, Исламбек Салжанов, Айдын Бикебаев Ұлттық құрылтай құрамынан шықты.

Фото: kazaknews.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары