Malim.kz
Құқық

Ұлттық тестілеу орталығының деректерін көшіріп алғандар сотталды

Мәди Саматұлы

Биыл сәуірде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсына 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру үкімі кесілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар сонымен бірге, коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болған. Оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, көшірген. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: liter.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары