Malim.kz
Экономика

Ұлытау өңірінде толық аяқталған өндірістік жобалардың үлесі басым

Ереке Базарқұл
© Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысында 2024 жылы жалпы құны 138 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Олардың ішіндегі - мұнай базасының, жел электр станциясының және респиратор өндіретін зауыттың құрылысы толық аяқталды.

2028 жылға дейін - 920 млрд теңгенің 25 жобасы

Өңір 2028 жылға қарай жалпы құны 920 млрд теңгелік 25 ірі жобадан тұратын инвестициялық пул құруды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ іске қосылуда

Экономиканы әртараптандыруды тездету үшін Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылды. Бұл аумақта:

Жобалардың жүзеге асуы өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа өндірістер ашуға, сауда-логистикалық байланыстарды нығайтуға және экономиканы біржақты бағыттағы тәуелділіктен арылтуға мүмкіндік береді.

50,3 млрд теңгенің әлеуметтік жобалары іске асуда

Өңірде демеушілер есебінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар да қолға алынған. Қолдау көрсетіп отырған негізгі ұйымдар:

Бұл жобалардың жалпы құны 50,3 млрд теңгені құрайды.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары