Malim.kz
Шоу-бизнес

Үндістанға демалуға кеткен Анара Батырханның образы көпшіліктің көңілінен шықты

Сабина Асқарқызы

Қазақстандық тележүргізуші, актриса және әнші Анара Батырхан Үндістанға кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Нью-Делидегі серуен кезінде түсірілген кадрларды Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Атмосфераны сезініңіздер, деп жазды Анара.

Кадрлардан оның асықпай серуендеп жүргенін көруге болады. Ал айналасы ығы-жығы адам мен рикшалар.

Тағы бір видеода ол бірден көзге түсетін көйлек киіп шығып, көпшіліктің назарын өзіне аудартқан. Тұрғындардың бірі бойжеткені қажетті мекенжайына дейін жеткізіп тастаған.

Мына адам қыр-соңымнан қалмай келеді, «сәнбике емессің бе?» деп сұрайды, деді Анара.

Сонан соң бейтаныс адам оған гүл сыйлаған.

Әзірге Шахрукх Кханды кездестірмедім, деп әзілдеді өнер иесі.

Фото: instagram.com/anarabatyrkhan

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары