Қытайда өтетін VI Азия жағажай ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Биылғы 22-30 сәуір аралығында Қытайдың Санья қаласында (Хайнань аралы) VI Азия жағажай ойындары өтетіні белгілі. Аталған жарыста барлығы 15 спорт түрінен медальдар сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы 9 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын 70 спортшы қорғамақ.
Оның ішінде акватлоннан 6, 3×3 баскетболдан 8, су добынан 14, джиу-джитсудан 8, желкенді спорттан 6, ашық суда жүзуден 4, жағажай күресінен 8, жағажай волейболынан 8, спорттық құзға өрмелеуден 8 спортшы қатысады деп күтіліп отыр.
Ойындар бағдарламасына олимпиадалық спорт түрлерімен қатар Азия өңірінде кең таралған дисциплиналар да енгізілген. Айта кетейік, бұл жарыстар Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады.
Байрақты бәсекеге барлығы 15 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.