Malim.kz
Спорт

Бақыт Сәрсекбаев U-19 құрамасын Ыстықкөлде ірі жарыстарға дайындап жатыр

Сабина Асқарқызы
Фото: Instagram / b.sarsekbayev

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі бокс құрамасы Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

 Команданы Бақыт Сәрсекбаев бастап барды. Бұл жиын биылғы маңызды халықаралық жарыстар алдындағы негізгі дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Алдағы басты сындардың бірі – Азия чемпионаты. Құрлықтық дода 3–16 шілде аралығында Джакарта қаласында өтеді. Одан кейін әлем чемпионаты 14–27 қазан күндері Будва шаһарында ұйымдастырылады. Осы жарыстарға тыңғылықты дайындалу үшін Ыстықкөлдегі жаттығу жиыны ерекше маңызға ие.

Сонымен қатар, биыл жасөспірімдер Олимпиадасы да күн тәртібінде тұр. Кешенді дода 31 қазан мен 13 қараша аралығында Дакар қаласында өтеді. Сондықтан Қазақстанның U-19 құрамасы маусымдағы жауапты бәсекелерге жүйелі түрде дайындық жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев U-19 құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне 2026 жылдың 10 қаңтарында тағайындалды. Бұған дейін ол U-22 құрамасын жаттықтырып, командасын 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында 10 алтын және 2 күміс медальға жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шығарған болатын.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары