Биыл қаңтарда ҰҚК шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Бірлескен әрекеттер нәтижесінде Алматыда 8 келі синтетикалық "метамфетамин" затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталған.
"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялабайды.