300 СПАРТАК қажет емес, 1 Қазақ жетеді!
2008 жылы Грузия мен Оңтүстік Осетия қақтығыстарының бірінде – батыс басылымдары жарыса жазған оқиға болды. Оңтүстік Осетияға, басқыншы ретінде келген Ресей әскері екі қаланы жалғап тұрған үлкен тас жолдың қақ ортасына үш сарбазын күзетке қойып, өздері қаланың ішінде шеп құруға шегініп кетеді. Ешкімді қалаға өткізбеуге бұйрық етіледі. Жол күзетіп қалған үшудің бірі – Астрахан қаласының тумасы, ұлты қазақ – Тасболат Ибрашев болатын. Тасболаттың Оңтүстік Осетиядағы орыс әскеріне келіп қосылғанына бір-ақ күн болған екен. Өзі пулеметші.
Алайда, көп уақыт өтпей-ақ жаңағы жолмен қаз-қатар жөңкіліп – танкісі, БТР-і бар, үш жүз – төрт жүз сарбазымен грузин әскері көшіп келе жатады. Бұйрық бойынша бұларды қалайда тоқтату қажет. Не, жол шетіндегі бұта-бұтаның арасында өтіп кеткенше тығыла тұру керек. Ал, тоқтатам деп жолға шығу өліммен тең еді. Алайда, қасындағы екі жігітті жол шетіне қалдырып, Тасболат – тас жолдың ортасына пулеметін көтеріп атып шығады. Әскери көш оған елу метр жетпей тоқтайды. Олар «жолдан кет!» дейді, бұл «өткізбеймін, кері қайтыңдар!» дейді. Бір сағатқа жуық керілдесіп тұрған кейін Тасболат жерге жатып, пулеметпен оқ жаудыруға бекінеді. Осы кезде ғана грузин әскери көші кері бұрылады. Грузиндермен бірге батыс журналистері бірге жүрген екен, осы көріністің бәрін олар таспаға түсіріп алады. Ертесі батыс басылымдары – қасқыр жүректі қара жігіттің ерлігін жабыла жазды. Олар «Жеңіс үшін 300 Спартак қажет емес, біреу жетеді» деген сөзді мәтелге айналдырды. Осыдан кейін орыс әскерінің басшылары Тасболаттың ерлігін қызғанды ма белгісіз, сол оқиғадан екі-үш күннен соң қайтыс болып кеткен пулеметші бурят жігіті Бато Дашидоржиевтың атына жазып жібереді. Тасболат біраз уақыттан соң өз әлеуметтік желідегі парақшасына «Бұл мен едім» деп суреттерін салғанымен, оған ешкім назар аудармайды. Өзі де артынан қудалап дәлелдеуге тырыспайды.
Алдар Дамдинов – өзінің Facebook парақшасына «Таныс болыңыздар, бұл батыр грузин әскери көшін жалғыз өзі тоқтатқан жаужүрек
Егер дейді бір ойымыз, батыс басылымдарын таңқалдырған жүрекжұтқан Тасболаттың орынында Иван болса, Путин оған әлдеқашан батыр атағын беріп қояр еді...
Дайындаған Айбек Ережепов