Malim.kz
Оқиға

Ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық Ринат Асанов есін жиды

• Мәди Саматұлы

Ақтауға қырғызстандық Ринат Асановтың туыстары, Қырғызстан ТЖМ құтқарушылары мен медицина қызметкерлері келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазбада дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханаға бет-аузы қатты ісіп, ес-түссіз күйде түскен. Бүгін ол туған ағасын танып жатқанын ишарасымен білдірді. 

Қырғызстан ТЖМ мәлімдеуінше, Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматтарына көмек көрсету үшін Қазақстан мен Әзербайжанның ТЖМ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүріп жатыр.

Бүгін дәрігерлер Ақтаудағы әуе апатынан зардап шеккен азаматтарды эвакуациялау мәселесі бойынша консилиум өткізген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір зардап шеккен 2 адамның жағдайы тұрақты, бірақ олар медициналық бақылауды жалғастыруды қажет етеді.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары