Malim.kz
Экономика

Үшаралда жаңа әуежай салынады

Мәди Саматұлы

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу өңірі тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәлімдеуінше, құрылыстың екі нұсқасы қарастырылып отыр:

біріншісі – ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөле отырып, қолданыстағы терминалдың жанынан шағын терминал салу; 

екіншісі – бірден үлкен терминал салу. Қазір жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін талдап, әзірлеу үстінде.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Сарыөзек-Көктал» жолының 45-68-ші шақырымдары арасында күрделі жөндеу, ал 68-110 шақырымдары арасында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 0-ден 45-ші шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі.

Жалпы ұзындығы 762 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолын қайта жаңғырту жұмыстары да 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.

Фото: Көлік министрлігі

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары