Malim.kz
Құқық

Блогер Қайсар Қамза көші-қон қызметі паспортын тартып алғанын айтты

Айбын Атабай
instagram.com/@qais_arr

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желідегі оқырмандарына бейнеүндеу жолдап, қазіргі жағдайы туралы айтып берді. 

Ол жақында Қазақстанға ұшып барып келгенін, ал қазір Вьетнамның Нячанг қаласында екенін хабарлады.

Сот та, қамау да болған жоқ. Тек көші-қон қызметі паспортымды алып қойды. Барлығы жақсы болсын деп тілек тілеп қойыңыздар. Осыны айтқым келді. Жақсы күндерде жолыққанша! — деді блогер.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қайсар Қамзаның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Ведомствоның мәліметінше, Вьетнамның Камрань қаласындағы құқық қорғау органдары оны Интерпол желісі арқылы ұстаған. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Блогерге осы жылдың басында іздеу салынған еді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары