Malim.kz
Шоу-бизнес

Үсті-басы қанға боялған әнші Алтынбек Тәшімбетов қамауға алынуы мүмкін

Сабина Асқарқызы

Журналист Михаил Козачков телеграм арнасында өнер иесінің жартылай жалаңаш тұрған суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға дүйсенбі, 19 тамызда болған. Дене жарақаттарын алған жартылай жалаңаш жүрген әншіні жедел жердем ауруханаға жеткізген. Тәшімбетов аурухананың қабылдау бөлмесінде шу шығарып, ресепшн терезесін қиратып, кезекші медбикені қорлаған. 

"Қазір әншіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 80-1 бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс материалдары жиналған. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп пікір білдірді Алматының Полиция департаменті.

Фото: t.me/kozachkow

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары