Malim.kz
Экономика

Валюта нарығында теңге позициясы күшейе түсті

Сабина Асқарқызы
Depositphotos

Аптаның соңына қарай KASE саудасында теңге АҚШ долларына қатысты аздап нығайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 470,80 теңгені құрап, 0,46 теңгеге төмендеді. Ал Қазақстан Ұлттық банкі 22 мамырға ресми бағамды 471,45 теңге деңгейінде белгіледі.

Валюта айырбастау нарығында да аздаған ауытқулар байқалды. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар 467–474 теңге аралығында саудаланса, еуро 542–552 теңге, рубль 6,35–6,65 теңге шамасында болды.

Алматы қаласында доллар орта есеппен 471,07–473,22 теңге аралығында сатылып-сатып алынды. Еуро мен рубль бағамдарында да шағын ауытқулар тіркелді.

Шымкент қаласында да валюта бағамдары ұқсас деңгейде сақталып, нарықта тұрақты динамика байқалды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары