Жәнібек Әлімханұлы мансабына қатысты допинг дауына байланысты World Boxing Organization (WBO) ресми үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.
Тыйым салынған мельдоний заты анықталған допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы бір жыл мерзімге жарыстардан шеттетілді.
Сонымен қатар, спортшының чемпиондық белбеулері өзінде қалатын болды.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының допинг анықтау бойынша екінші сынамасы да оң нәтиже көрсеткен еді.