Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис ұйым президенттігіне өз кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Осы шешімнен кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин ұйымды басқаруға жалғыз үміткер болып отыр.
Аптаның соңында Римде өтетін World Boxing халықаралық конгресінде делегаттар жаңа президентті сайлайды.