Malim.kz
Саясат

Халық Кеңесі қашан жасақталады?

Сабина Асқарқызы
Ақорда

Қазақстанның Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында жасақталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президенттің сөзінше, Халық Кеңесі Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган болады. Жаңа құрылым елдің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыруға бағытталған.

Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – елдің саяси жүйесіндегі маңызды жаңашылдықтардың бірі.

Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді, – деді Президент.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары