Malim.kz
Оқиға

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы жанармай тапшылығынан рейстердің тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Иранмен соғыс салдарынан авиациялық жанармай тапшылығы туындауына байланысты, Еуропада мамыр айының соңынан бастап рейстер тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Уилли Уолш мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz BILD-ке сілтеме жасап. 

Қазақпараттың жазуынша, балама жеткізу бағыттарын қамтамасыз етумен қатар, билік шектеулер енгізілген жағдайда нақты әрі үйлестірілген жоспар әзірлеуі тиіс. Бұл жоспарға ұшу және қону құқықтарына қатысты жеңілдіктер де кіреді. Еуропалық әуе компаниялары алдағы апталарда жанармай тапшылығы туындауы мүмкін екенін бұған дейін де ескерткен болатын.

Еуропа авиациялық жанармай импортына ерекше тәуелді. Себебі оның шамамен 75 пайызы Таяу Шығыстан келеді. Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, 2025 жылы әлемде авиациялық жанармайға деген сұраныс тәулігіне орта есеппен 7,8 миллион баррельді құраған. Ал Парсы шығанағы өңірі күніне шамамен 400 мың баррель жеткізіп, әлемдік нарықтағы ең ірі жеткізушілердің бірі болып отыр.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары