Malim.kz
Мәдениет

"Халықтың құрметінен артық маған атақ жоқ" – Асанәлі Әшімовтің соңғы спектакліндегі әсерлі сөзі (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Malim.kz коллажы

Қазақ өнерінің абыз ақсақалы, КСРО-ның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің соңғы мәрте спектакльде өнер көрсеткен видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Асанәлі Әшімов соңғы мәрте 13 желтоқсанда Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының сахнасына көтерілген. Сол кезде ол өзінің ғұмырбаянын әйгілейтін "Тағдыр тақтасы" атты спектакльде төбе көрсетті. Спектакль аяқталған соң Асанәлі Әшімов көрерменге бұрылып, іштегі толғанысын жеткізген.

"Қазақ болып туғаныма қуанамын! Әсіресе, оның өнерін қуғаныма қуанамын! Экраннан, сахнадан жақсы кейіпкерлер жасап, өмірге қайта қуанамын! Менің көрерменім, барлық еңбегім – сіздердің арқаларыңызда. Барлық еңбегімді сіздерге арнаймын. Сіздердің қол шапалақтарыңыздан артық маған атақ жоқ! Әрдайым өнер – сіздердікі, өнер – халықтікі. Халық өнер арқылы өседі", – деп тебіренді Асанәлі Әшімов.

Асанәлі Әшімов – кеңестік және қазақстандық кино мен театр өнерінің аса көрнекті өкілі, ұлттық мәдениеттің ірі тұлғасы. Ол актерлік шеберлігімен ғана емес, режиссерлік, педагогикалық еңбегімен де қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Асанәлі Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары