Хасан Қасымбаев пен қылмыстық іс бойынша өзге де сотталғандардың апелляциялық шағымы Алматы облыстық сотына түсті.
Сот кабинеті деректеріне қарағанда, іс материалдары 2026 жылғы 13 қаңтарда тіркелген. Апелляциялық шағымды қарайтын күн әзірше белгіленбеген.
Еске салайық, 2025 жылғы 11 қарашада Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып, ақша бопсалау ісі бойынша кінәлі деп таныды.
Сот оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар іс бойынша тағы бес адамға үкім шықты.
Кейінірек Алматы облысы Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаев пен тағы бес сотталушыға қатысты үкімнің мән-жайын түсіндірді.
Бұған дейін қорғаушылар сот шешімімен келіспейтінін айтып, міндетті түрде апелляциялық шағым түсіретінін айтқан еді.
Ал 2025 жылғы 26 қарашада Хасан Қасымбаев апелляциялық шағым түсірген еді.