Malim.kz
Спорт

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға шықты

Сабина Асқарқызы

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасының жеңіс сериясы жалғасты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1

Шайбалар:
Кан Юн Сок (0-1) 11 минут, 08 секунд
Артём Лихотников (1-1) 44.58 секунд
Роман Старченко (2-1) 58.42 секунд

Осылайша, Ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары