Malim.kz
Оқиға

Ыстамбұлда қарулы шабуылдан Қазақстан азаматы қаза тапты

Айбын Атабай
видеодан скрин

Ыстамбұл қаласында жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов қаза тапты. Бұл туралы ru.haberler.com ақпарат агенттігі жазды.

Жергіліктің БАҚ-тың хабарлауынша, Ол қарулы шабуыл салдарынан оққа ұшқан. Оқиға Ыстамбұл қаласының Фатих ауданында болған. Белгісіз адам ер адамға жақындап, басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан Исмаилов сол жерде көз жұмды. Қылмыс қарама-қарсы ғимараттардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кейін "Голос Стамбула" басылымы Фатих ауданында курьер Кейін Ариф Исмаиловты өлтірді деген күдікпен Грузияның екі азаматы ұсталғанын хабарланды. Олар шекарадан қашпақ болған кезде қолға түскен.

Арнайы операция Эдирне қаласында жүргізілді. Күдіктілер дронның көмегімен шекара маңынан табылған. Ыстамбұл полициясының мәліметінше, олар бұл жерге автокөлікпен келген. Алайда кіреберістегі тексеру кезінде көліктің ішінде болмағаны анықталған. Артынша полиция әуеден іздеу жұмыстарын жүргізіп, жаяу қашып бара жатқан күдіктілерді анықтаған.

Медициналық тексеруден кейін күдіктілер Ыстамбұл полициясына тапсырылды.

Ал бұл іске қатысы бар автокөлік жүргізушісіне қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және адам саудасы баптары бойынша тергеу басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Оңтүстік Кореяда жол-көлік оқиғасы болып, төрт Қазақстан азаматы қаза тапқан еді.  Хвасон қаласында Mercedes-Benz көлігі жолаушылармен бірге жолдың оң жақтағы қоршауына соқтығысып, содан кейін жардан құлап, отқа оранған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, жарты сағат ішінде отты сөндірген. Отқа оранған көліктен төрт ер адамның денесі табылды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары