Malim.kz
Білім-ғылым

Жалақы көтеріле ме? Еліміздің бас педагогы көпшілікті толғандырған үлкен проблеманы айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
t.me/mazhilis_kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстанда балабақша саласында шамамен 13 мың маман жетіспейді. Бұл олқылықты жою бағытында тиісті шаралар қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, балабақша мамандарының жалақысына 2023 жылға дейін 100 пайыздық үстемеақы берілген, сондықтан олардың айлығы елдегі орташа еңбекақы деңгейіне сәйкес келеді.

"Бұл – нарықтағы орташа айлықтардың бірі. Жалақыны көтеру мәселесі бюджетке байланысты. Әдетте, жекеменшік балабақшалардағы жағдай жиі айтылады. Бірақ ол сұрақ құрылтайшылардың құзырында", – деп жауап берді министр журналистер сауалына.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары