«102» кезекші пультіне 9-шағынауданда орналасқан «Ардагер» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама түскені мәлім болды, деп хабарлайды Malim.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтаудағы «Ардагер» сауда орталығында құқық қорғау органдары жарылғыш зат іздестіріп, саперлік тексеру барысында ешқандай жарылғыш құрылғы табылмаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Оқиға орнына жедел түрде барлық төтенше қызметтер жетті. Азаматтарды эвакуациялау жүргізілген жоқ, ғимарат аумағы полиция қызметкерлерімен қоршауға алған.
«Саперлік тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ», - деді МО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция жалған хабарлама жасаған тұлғаны анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатқаны айтылды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, аталған бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.