Әкімнің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 млрд теңгені құрады. Биылғы дақылдардың егістік алқабы 640 мың гектарға дейін ұлғайған.
Өңірде жинап алынған ауыр шаруашылығының өнім көлемі - 3,3 млн тоннаны құраған:
оның ішінде -
- 283 мың тонна дәнді дақылдар,
- 31,3 мың тонна майлы дақылдар,
- 1,3 млн тонна көкөніс,
- 207 мың тонна картоп,
- 389 мың тонна бақша өнімдері.
Қант қызылшасының 88,1% жиналып, 207 мың тонна өнім алынғаны да атап өтілді.
Техникалық жарақтану көрсеткішіне тоқталсақ, биыл ауыл шаруашылығы саласы 76 жаңа техникамен толыққан. Техника паркін жаңарту деңгейі 5,6%-ға жеткен.
Мал шаруашылығында да да өсім бар, түрлері бойынша атап айтқанда:
- ет өндірісі — 2,7%,
- сүт өндірісі — 1,6% артқан.
Экспорт - 888,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін құрады. Оның ішінде:
410 мың тонна пияз Ресей, Қырғызстан, Пәкістан, Өзбекстан және Әзербайжан нарықтарына жіберілген.
«Пияз экспорты бойынша Жамбыл облысы елде көш бастап тұр», —
деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Өңірде ауыл шаруашылығына пайдаланылмаған 61,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Атап өту керек, Жамбыл облысында жылда жайылым жетпеу мәселесі көтеріліп отырады.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында:
3,2 млрд теңгеге — 437 жоба,
мемлекеттік бағдарламалар бойынша 52 млрд теңгеге — 1218 жоба қаржыландырылған.
Әкімнің айтуынша:
- ШОБ шығарған өнім көлемі — 18,1% өсіммен 765 млрд теңгеге жеткен.
- Облыста 109,1 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр.
- Онда жұмыспен қамтылғандар саны — 165,4 мың адам.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосымша құны 348 млрд теңгені құрап, ЖӨӨ-дегі үлесі 22,5% болды.