Malim.kz
Оқиға

Жамбыл облысында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Айбын Атабай
Oxu.az

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Жедел деректер орталығының мәліметінше, 10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59–да Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентр координаттары — солтүстік ендіктің 42,50 градусы және шығыс бойлықтың 70,88 градусы. 

Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,5, энергетикалық класы — K=10,4.

Ошақ 15 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін хабарланғандай, Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 3 899 адамға жетті. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары