Malim.kz
Оқиға

Жамбыл облысында 8 көлік тиеген жүк көлігі өртеніп кете жаздады

Мәди Саматұлы

Жамбыл облысында ТЖМ өрт сөндірушілері автокөліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәлімдеуінше, Жамбыл ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» автожолының 531 шақырымында 8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыштың артқы дөңгелектері өртенген.

ТЖМ күштері өртті жедел түрде сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өртің шығу себебі анықталып жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары