Malim.kz
Оқиға

Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы өзін атып өлтірді

Айбын Атабай
Glavny.tv

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында ЖҚЖБ (Жедел қимылдайтын арнайы жасақ) инспекторының өзін-өзі атып жібергені туралы ақпарат тарады. Өңірлік полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Қордай аудандық полиция бөлімінде болған. Мәлімет бойынша, ЖҚЖБ-ның 1995 жылы туған инспекторы казарма дәлізінде табельдік қарудан өзіне оқ атқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауыр халде орталық аудандық ауруханаға жедел жеткізді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмған. 

Полиция не дейді?

Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге жәрдемдесу") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеріс тағайындалды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары