Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Кеңес ауылында көкпардан кейін туындаған жанжал атыспен аяқталып, оқиғаға қатысқан ер адам сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Іс материалдарына сәйкес, жанжал көкпар барысында басталып, кейін ушыға түскен. Сотталушы заңды түрде тіркелген аңшылық мылтығымен қарсыласына резеңке оқ атып, оның денсаулығына жеңіл жарақат келтірген.
Сот ер адамды бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.