Malim.kz
Оқиға

Жамбыл облысында студенттің мәйіті табылды

Айбын Атабай
iStockphoto.com

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында студент көз жұмды. Құқық қорғау органдары тергеуді бастады,деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz агенттігіне сілтеп. 

Полицияның дерегінше, жасөспірімнің өлімі бойынша Байзақ ауданында қылмыстық іс қозғалды.

— Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

Айта кетелік бұған дейін сәуір айында Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында да 15 жасар жасөспірім көз жұмған еді. Тергеу шамамен 4 айға созылды, үш күдіктіге қатысты материалдар сотқа берілді.

Сонымен қатар, бірнеше күннің ішінде Байзақ ауданына қарасты Түймекент және Дихан ауылдарының жасөспірімдері мен тараздық кәмелетке толмаған екі бала өз-өзіне қол жұмсады.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзудың алдын алу мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың жүз мектепте психологиялық-педогогикалық, тәрбиелеу және профилактикалық шараларды ұйымдастыру формалды түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мектеп жоспарларында олардың нақты шаралары мен білім алушылардың қажеттіліктері көрсетілмеген. Мектеп әкімшілігі тарапынан ерте анықталған дағдарыс жағдайлары кезінде тиісті ведомствоаралық өзара іс-қимыл жолға қойылмаған. Кейбір мектептерде «111» бірыңғай байланыс орталығының жұмыс істемейтін QR-кодтары анықталды. Өңірде болған қайғылы оқиғаларды талдай отырып, жекелеген мектептерде жауапты қызметкерлер балаға тиісті назар аудармағанын көрсетті. Сондықтан мектеп директорлары тәуекел тобындағы балаларды сүйемелдеу нәтижелері үшін жеке жауап беруі тиіс, — деді министр.

Жұлдыз Сүлейменова ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажеттігін де атап өтті. Ресми статистикаға сәйкес, өңірде күн сайын 76 ата-ана балаларын дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 395 ата-ана түнде балалардың үйде болуын қадағаламаған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары