Malim.kz
Оқиға

Жамбыл облысында жер сілкінді

Сұлу Бөлек

Жамбыл облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Malim.kz. 

25 мамырда Астана уақытымен 15:08-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің есептік күші:

Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да жер сілкінісін сезген болатын.

Сондай-ақ 24 мамырда Талдықорғанда магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Сол сәтте аймақта Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша резонансты сот отырысы тікелей эфирде өтіп жатқан. Процеске қатысушылар жер дүмпуін сезініп, бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалған.

Фото:depositphotos.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары