Malim.kz
Сұқбат

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртенді

Malim Админ

Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы "Алматы-Ташкент" автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді,деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. 

"Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - делінген хабарламада. 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары