Malim.kz
Құқық

Жамбыл полиция департаменті бастығының орынбасары кабинетінде мас боп жүрген

Айбын Атабай
Жамбыл облстық ПД

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары жексенбі күні қызметтік кабинетінде мас күйде жүрген. Бұл туралы Ulysmedia.kz дереккөздері хабарлады.

Әріптестері Еркін Сақыбаевты жұмыс орнында мас күйінде байқаған. Осыдан кейін медициналық куәландыру жүргізіліп, ішімдік ішкені расталды.

Подполковник Сақыбаев жоғары лауазымға 2024 жылдың қараша айында тағайындалған. Ол полиция департаменті аппаратында ақпараттандыру және байланыс саласына жетекшілік еткен. Оны қызметке бұрынғы бастық Бақытжан Малыбаев шақырған. Малыбаев өткен күзде ведомстводағы сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен кеткен еді.

Сақыбаев еңбек жолын техникалық қамтамасыз ету бөлімінде бастап, біртіндеп қызмет сатысымен жоғарылаған. Бастықтың орынбасары қызметінде бір жылдан сәл ғана артық жұмыс істеген.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары