Malim.kz
Құқық

Жамбылда іздеу салынған 9 қылмыскер ұсталды

Айбын Атабай
Polisia.kz

Жамбыл облысында бір айдың ішінде іздеудегі 25 адам табылып, 9 қылмыскер құрықталды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының полицейлері кейінгі бір ай ішінде полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалған 25 адамның жүрген жерін анықтады. Олардың барлығы жақындарымен қауышты.

Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды. Олардың арасында алаяқтық, есірткі және ұрлық қылмыстарын жасаған азаматтар бар. Кейбірі бірнеше жыл бойы іздеуде болған.

Одан бөлек, пробациялық бақылаудан жалтарған адамдарды да іздеп, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері осындай міндеттемеден жалтарған 12 адам табылды.

Ұсталғандардың әрқайсысы жасаған құқыққа қайшы әрекеттері үшін заң алдында жауап береді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары