Malim.kz
Саясат

Жаңа оқу-ағарту министрі Президенттің қабылдауында болды

Ереке Базарқұл

IMAGE: ©Ақорда

Ресми Ақорда бүгін тағайындалған оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Президенттің қабылдауында болғанын хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өткен.

Сондай-ақ, Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Жұлдыз Сүлейменованы білім министрі қылып тағайындау туралы  жарлық шығарған болатын.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары