Malim.kz
Мәдениет

Жаңа роман жарық көрді 

Malim Админ

Жуырда белгілі қаламгер Әділбек Ыбырайымұлының «Ақылға атой» атты жаңа романы жарық көрді. Шығарма бүгінгі күндегі тыныс-тіршілікті суреттейді. Кейіпкерлері - қазіргі заманның адамдары.

Бас кейіпкердің бірі - биолог ғалым Сәмет. Кітапта Көкше көлдерінің жұмбағы мен Оқжетпес шыңының түбіндегі қайнар құпиясы, НАСА-ның ғарыштық жобалары мен Марс аумағынан ашылған «Астрономиялық Байланыс Айлағындағы Йель» (АБАЙ) кеңістігі суреттеледі. Романда қазір өзекті дін мәселесі, әлемдік оқиғаға айналған Украина соғысы туралы пайымдар қамтылған. Бастысы - туынды ұрпақты ұлт тарихы мен құндылықтарына үлкен мəн беруге үндейді.

Аманғали Қалжанов

Фото: Автор

Malim Админ
Автордың басқа материалдары