Malim.kz
Білім-ғылым

"Жаңа талап! Бәрі өтуі міндеттеледі": Министр мұғалімдерге қатысты күтпеген өзгерісті жеткізді

Мадияр Қапанбек
freepik.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева цифрлық кеңістікте балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында педагогтер үшін міндетті оқыту бағдарламалары енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол депутаттардың сауалына берген ресми жауабында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің сөзінше, қазіргі заманда балалардың онлайн ортада дұрыс ақпаратты таңдай білуі үшін өзіндік "ақпараттық иммунитет" қалыптастыру аса маңызды. Осы бағытта білім беру ұйымдарында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ата-аналарға балалардың интернеттегі белсенділігі туралы үнемі сөйлесіп отырудың маңызы түсіндірілуде.

Аида Балаеваның айтуынша, "Cyber Safe for Family" бағдарламасын кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Оның аясында сынып сағаттары, нақты жағдайлар талқыланатын ата-аналар жиналыстары және арнайы оқыту материалдары ұйымдастырылады. Сонымен қатар ата-аналарды баланың онлайн әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін "Ата-аналық бақылау" сервистеріне қосу бойынша ақпараттық жұмыстар жалғасады. Байланыс операторларына ата-аналық бақылау қызметін тарифтік жоспарларға міндетті функция ретінде енгізу ұсынылмақ.

Бұдан бөлек, педагогтер үшін онлайн қауіпсіздік негіздері, мектеп медиатоптарын құру және цифрлық қауіп-қатерлерді анықтау бағытында міндетті тренингтер өткізу көзделуде. Сондай-ақ білім беру процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселелері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру да басты басымдықтардың бірі болмақ.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары