Malim.kz
Денсаулық

Жаңа жыл түнінде елімізде 181 нәресте дүниеге келді

Мәди Саматұлы

Жаңа жыл түнінде республиканың перзентханаларында 181 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның 105-і ұл, 76-сы қыз. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында бір егіз өмірге келді.

Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көбі Түркістан облысында тіркелді – 34 сәби, екінші орында – Алматы қаласы мен Алматы облысы, онда 17 жаңа туған нәресте дүниеге келді. Туу бойынша көшбасшылардың үштігінде Шымкент бар, мұнда 16 отбасы толыққан.

Ал Астанада жаңа жыл қарсаңында дәл осы күні өткен жылдағыдай 10 перзент өмірге келді.

Фото: pexels.com

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары