Malim.kz
Оқиға

Жаңаарқадағы шахта апатына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Сабина Асқарқызы

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және  зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды.
Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.

Фото: ҚР Үкіметі

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары