Malim.kz
MALIMet

Жаңбыр мен қатты жел: 8 қазанда ауа райы қандай болады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Ертең, 8 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстанның шығысы мен таулы аудандарында қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте күн жылы болады, деп Malim.kz тілшісі, Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазгидрометтің 8-10 қазанға арналған жалпы болжамына сәйкес, ел аумағында ауа райы құбылмалы болып, түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада күн құбылмалы бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5…+7°C, күндіз +11…+13°C болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.

Алматыда жауын-шашын болмайды. Түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C күтіледі. Батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте де күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Үш мегаполистің болжамы Қазгидромет сайтында берілген.

Шымкентте 8 қазанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +6…+8°C, күндіз +21…+23°C. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында түнде жаңбыр жауады, күндіз жауын облыстың солтүстігін, шығысы мен оңтүстігін қамтиды. Түнде +3…+8°C, күндіз +8…+13°C болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді. Көкшетауда түнде +5…+7°C, күндіз +8…+10°C, мезгіл-мезгіл жаңбыр күтіледі. Қалада жел 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. 

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде +8…+13°C, солтүстік-шығысында +3°C; күндіз +14…+19°C, оңтүстігінде +22°C. Жел 9–14 м/с, солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C болады. Түнде аздаған жаңбыр күтіледі, желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. 

Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде +7…+12°C, күндіз +20…+25°C. Батыстан 7–12 м/с жел соғады. Атырауда түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C, жел 3-8 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Түнде +5…+10°C, күндіз +17…+22°C. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Оралда түнде +6…+8°C, күндіз +17…+19°C, түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында түнде аздаған жаңбыр жауады. Батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Түнде +7…+12°C, батысында +15°C; күндіз +18…+23°C, оңтүстігінде +26°C. Жел 7-12 м/с болады. Ақтауда түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C. Түнде аздаған жаңбыр мен тұман, күндіз жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 5–10 м/с. 

Қостанай облысында түнде жаңбыр жауады, күндіз жауын солтүстік пен шығыста сақталады. Түнде +3…+8°C, оңтүстігінде +12°C; күндіз +10…+15°C, оңтүстігінде +18°C. Жел 15-20 м/с, солтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 м/с болады. Қостанайда түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C. Түнде жаңбыр күтіледі, жел 15–20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Түнде +4…+9°C, күндіз +7…+12°C. Жел 15–20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Петропавлда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +5…+7°C, күндіз +8…+10°C, күндіз желдің екпіні 23-28 м/с болады. 

Павлодар облысында түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз облыс аумағында жаңбыр жауады. Түнде +3…+8°C, күндіз +7…+12°C. Жел 15-20 м/с, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 23–28 м/с. Павлодарда түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C, күндіз жаңбыр күтіледі. Жел 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде, батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде +3…+8°C, шығысында −2°C; күндіз +8…+13°C, оңтүстігінде +16°C. Жел 9–14 м/с, кей аудандарда 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Қарағандыда түнде +4…+6°C, күндіз +9…+11°C. Күндіз жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +5…+10°C, шығысында +2°C күтіледі. Жел 9–14 м/с, солтүстігі, шығысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с болады. Жезқазғанда жауын-шашын болмайды: түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 

Абай облысында түнде жауын-шашын болмайды, батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Түнде +1…+6°C, шығысында −2°C; күндіз +8…+13°C, оңтүстігінде +16°C. Күндіз жел 15–20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Семейде түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C. Күндіз жаңбыр күтіледі, желдің екпіні кей уақытта 23 м/с-қа жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында және таулы аудандарында қар аралас жаңбыр, көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде тұман түседі. Күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде +1…+6°C, шығысы мен таулы аудандарында −3°C; күндіз +8…+13°C, шығысы мен тауларда +5°C. Күндіз желдің екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Өскеменде түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C, күндіз жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с. 

Алматы облысында жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман күтіледі. Түнде +4…+9°C, тауларда −4…+1°C, солтүстігінде топырақ бетінде −1°C үсік жүреді. Күндіз +17…+22°C, тауларда +7…+12°C. Жел 9-14 м/с. Қонаевта түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C, жауын-шашын болмайды. 

Жетісу облысында түнде жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Күндіз тауларда жаңбыр жауады. Түнде +4…+9°C, орталығында +1°C, солтүстігі мен таулы аудандарында −2°C үсік күтіледі. Күндіз +15…+20°C, тауларда +12°C. Жел 9-14 м/с. Талдықорғанда түнде +1…+3°C, күндіз +18…+20°C, жауын-шашынсыз болады. Жел 5-10 м/с. 

Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде +5…+10°C, тауларда +2°C; күндіз +16…+21°C, тауларда +12°C. Жел 9-14 м/с, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Таразда түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C. Жел 9–14 м/с болады. 

Түркістан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +6…+11°C, таулы аудандарда +3°C, топырақ бетінде −1°C үсік болуы мүмкін. Күндіз +20…+25°C, тауларда +17°C. Жел 8–13 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+10°C, күндіз +20…+25°C. Жел 9–14 м/с, күндіз солтүстігі, шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с. Қызылордада түнде +7…+9°C, күндіз +22…+24°C, жел 9-14 м/с болады. 

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары