Malim.kz
MALIMet

Жаңбыр, қар және қатты жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

4 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады. Солтүстік пен батыста жаңбыр қарға ұласып, ауа температурасы төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп  Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағындағы ауа райына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Солтүстік пен солтүстік-батыста жаңбыр мен қар, оңтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Астана: түнде +5…+7°C, күндіз +8…+10°C. Түнде жаңбыр жауады, күн соңында жауын-шашын қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы: түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 3–8 м/с жел соғады.

Шымкент: түнде және күндіз +15…+17°C. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Көкшетауда түнде +5…+7°C, күндіз +10…+12°C.

Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Ақтөбеде түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C.

Алматы облысында негізінен жауын-шашынсыз. Қонаевта түнде +10…+12°C, күндіз +26…+28°C. Кей жерлерде жел күшейеді.

Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы басым. Атырауда түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C. Жел екпіні 15–18 м/с-қа жетуі мүмкін.

Абай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады. Семейде түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Оралда түнде 0…+2°C, күндіз +5…+7°C.

Жамбыл облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таразда түнде +17…+19°C, күндіз +22…+24°C. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысында негізінен жауын-шашынсыз. Талдықорғанда түнде +5…+7°C, күндіз +28…+30°C.

Қарағанды облысында жаңбыр жауып, жел күшейеді. Қарағандыда түнде +11…+13°C, күндіз +15…+17°C.

Қостанай облысында жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Қостанайда түнде 0…+2°C, күндіз +6…+8°C.

Қызылорда облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қызылордада түнде +8…+10°C, күндіз +12…+14°C.

Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ақтауда түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.

Павлодар облысында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Павлодарда түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Петропавлда түнде +5…+7°C, күндіз +9…+11°C. Жел екпіні кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Түркістан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түркістанда ауа температурасы +15…+17°C шамасында болады. Кей аудандарда желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысында жаңбыр жауып, жел күшейеді. Жезқазғанда ауа температурасы +10…+12°C шамасында болады.

Шығыс Қазақстан облысында негізінен жауын-шашынсыз, алайда кей жерлерде жел күшейеді. Өскеменде түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары